Каталония соңғы 10 жылда құрғақшылықтан зардап шегуде

АСТАНА. ҚазАқпарат – Каталония кейінгі онжылда құрғақшылықтың зардабын тартып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.
None
Фото: REUTERS

Барселонадан 100 шақырым жердегі Сау су қоймасы жарты ғасырдан бері Каталонияның солтүстік-шығыс аймағындағы қалаларды сумен қамтып келеді. Бірақ кейінгі айларда ол онжылдықта болмаған құрғақшылықтың айқын белгісін көрсетті. Су қоймасында орналасқан XI ғасырдағы Сан-Рома-де-Сау шіркеуінің ғимараты нөсер жауын кезінде су деңгейінен төмен түсетін болса, қазір ол су деңгейін көрсететін сызықтан бірнеше метр көтерілген. Каталонияның бұл бөлігінде ұзаққа созылған жауын жаумағанына екі жарым жылдан асты. Наурыздың басында қоймадағы су деңгейі өзінің сыйымдылығынан 8%-ға дейін төмендеді. Салыстыратын болсақ бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 55% болған. Құрғақшылықтың бәріне жаһандық жылыну себеп емес. Дегенмен температураның жоғарылауы жердегі ылғалды алып кетеді де, жағдайды одан сайын ушықтырып жібереді. Индустрия дәуірі басталғалы ғаламшар шамамен 1,1 Цельсий градусқа жылыды және атмосфераға түсетін қалдықтар қысқармаса температура көтеріле береді деген болжам бар.


Соңғы жаңалықтар
Референдум