Каталония тәуелсіздік туралы референдум өткізетін күнді атады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Каталония тәуелсіздігі туралы референдум 1 қазанға тағайындалды. Бұл туралы жұмада автономиялық үкімет басшысы Карлос Пиджемонт айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Каталония тәуелсіздік туралы референдум өткізетін күнді атады

Дауыс беруге «Каталония республикалық басқару нысанымен тәуелсіз ел болғанын қалайсыз ба?» деген сұрақ енгізілді.

Атап өтсек, Испания премьер-министрі Мариано Рахой Католонияның өзін-өзі билеуі туралы референдумға қарсы. Мадридте бөлім бойынша дауыс беру конституциялық емес болып табылады, сондықтан билік оның алдын алуға тырысуда.