Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдум 9 қарашада өтетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталония Үкімет басшысы Артур Мас Испанияның аталған автономды өлкесінің тәуелсіздігі туралы референдумды 9 қарашада өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Осыған дейін 18 қыркүйек күні Каталония парламенті Испанияның автономды облысында референдумды 9 қарашада өткізу туралы қарар қабылдаған болатын. Онда сауалнаманы «демократиялық кепілдік пен заңдарды сақтай отырып» жүргізу керектігі көрсетілген.