Қатаң бақылау болғанда ғана Көлік инфрақұрылымының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы жүзеге асырылады - С.Ахметов

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Қатаң бақылау болғанда ғана Қазақстанның Көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейінгі дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл пікірді бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов білдірді.

Қатаң бақылау болғанда ғана Көлік инфрақұрылымының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы жүзеге асырылады - С.Ахметов
Үкімет басшысының атап өтуінше, бүгін Министрлер Кабинеті қабылдаған бағдарлама барынша кең ауқымды қамтиды. Бағдарламаның инфрақұрылымдарын дамытуға мемлекет, сонымен қатар жеке тараптан да 5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылатын болады. «Барлығымыз да Қазақстан аумағы арқылы транзиттік, көліктік-логистиканы дамыту сәйкесінше инфрақұрылым салмай жүзеге асырылмайтындығын жақсы түсінеміз. Сондықтан да Елбасы жүктеген әрі мемлекеттік мәртебе берілген біз қабылдаған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - бұл көліктік инфрақұрылымдарды дамыту әрі салу», - деді С.Ахметов. Премьер-Министрдің пайымынша, заманауи темір жолдарсыз және оларды күтіп ұстамай, сапалы қызмет көрсетпей, басты автомобиль дәліздерін салып, оларды жаңғыртусыз логистиканың болуы мүмкін емес. «Сондықтан да осы екі мәселені, көліктік инфрақұрылымды және логистиканы дамытуды бүгін Үкімет отырысында қарастырдық. Менің ойымша, осы бағдарламада көзделген мақсаттарды қатаң бақылауға алғанда ғана жүзеге асырылатын болады», - деді ол. Көлік инфрақұрылымының 2020 жылға дейінгі дамуы бағдарламасының жобасы мақұлданды. Аталған бағдарлама бойынша Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасады. Айта кетейік, аталған бағдарламада өңірлерде жергілікті көлік инфрақұрылымын дамыту, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз ету, транзиттік тасымалды 2020 жылға дейін екі есеге ұлғайту секілді негізгі бағыттар ескерілген.