Қатаң режімдегі Арқалық түрмесіне бірінші рет әйел адам түсті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалықтағы 161/12 жазасын өтеушілер мекемесіне бірінші рет әйел адам түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қатаң режімдегі Арқалық түрмесіне бірінші рет әйел адам түсті

Арқалық түрмесінде ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар жазасын өтеп жатыр. Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұнда бірінші рет әйел адам түсіп отыр.

«1993 жылы туған бойжеткен бұған дейін Алматы облысының ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп келген. Кейін Арқалық түрмесіне жіберілді. Бұл қатаң режімдегі түрменің тарихындағы бірінші жағдай. Сотталған қыз ҚР ҚАК 96-бабы бойынша жазаны өтеудің белгіленген тәртібін жүйелі түрде бұзғаны үшін сот қаулысы негізінде толық қауіпсіздік мекемесіне келді», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі оның қасақана кісі өлтіргені үшін абақтыға жабылғанын айтты.