Қатаң режімдегі колонияда 15 адам өздеріне қол жұмсады

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Астанадағы қатаң режімдегі ЕЦ-166/10 түзету мекемесінде бүгін, қарашаның 11-і күні төтенше оқиға орын алды - бір топ адам өздеріне қол жұмсап, денелерін зақымдады,

Қатаң режімдегі колонияда 15 адам өздеріне қол жұмсады

 деп хабарлады  Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті таратқан баспасөз баянында.

«Сотталған 15 адам  білекке және қарындарына  жарақаттар салды. Барлығына  қажетті медициналық көмек көрсетілді. Анықталғандай,  олардың  денелерін зақымдауларына  өздері отырған мекемедегі режіммен келіспеулері себеп болған», делінген баспасөз баянында.

Оқиға орнында  Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы орынбасарының басшылығымен және құрамына Бас прокуратура мен Астана Ішкі істер департаменті өкілдері кірген арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Қазір түзету мекемесіндегі жағдай тұрақты және бақылауда.