Қатар-2022: бір матчта екі гол соққан оңтүстіккореялық футболшы рекорд орнатты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Ганамен өткен матчта екі гол соққан оңтүстіккореялық Чхо Ге Сун рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

H тобында Гана – Оңтүстік Корея кездесуінде 24 жастағы Чхо Ге Сун 58-інші және 61-минутта қанжығасын майлады.

Осылайша, ол әлем чемпионаты ойынында қос гол соққан алғашқы оңтүстіккореялық футболшы атанды. Сонымен қатар ол бір кездесуде екі рет қақпаға баспен доп кіргізген бірінші азиялық ойыншы болды.

Соған қарамастан, Оңтүстік Корея Ганадан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Енді үшінші турда оңтүстіккореялықтар 2 желтоқсанда Португалиямен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Хорватияның Канаданы ірі есеппен ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Испания мен Германия құрамалары тең тарқасты.

Камерун мен Сербия тең түсті.

Швейцарияны ұтқан Бразилия плей-офф кезеңіне жолдама алды.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар