Қатар-2022: Франция – Марокко матчында үздік ойыншы атанған Антуан Гризманн рекорд жаңартты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Франция – Марокко арасындағы жартылай финалдық матчта франциялық шабуылшы Антуан Гризманн үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Антуан Гризманн бұл ойында шабуылды ұйымдастырумен бірге қорғаныста да көзге түсті.

Жалпы, ол осы біріншілікте үздік пас беруші ретінде де танылып келеді.

Сонымен қатар А.Гризманн Франция құрамасы сапында әлем чемпионаттарында 18 рет қатарынан алаңға шықты. Бұл Франция тарихындағы ең ұзақ серия болып табылады.

Марокконы 2:0 есебімен жеңген Франция құрамасы 18 желтоқсанда финалда Аргентинамен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің әлем чемпионаттарында Аргентина құрамасының үздік сұрмергені атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ үздік ойыншы Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты.

Франция құрамасының қақпашысы Уго Льорис Мануэль Нойердің жетістігін қайталады.

Футболдан әлем чемпионатында Франция финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар