Катар 5-11 жас аралығындағы балаларға екпе салуды мақұлдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Катар Денсаулық сақтау министрлігі 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға арналған Pfizer/BioNTech COVID вакцинасын мақұлдады. Бұл туралы жексенбіде департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Денсаулық сақтау министрлігі 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакциналарын салуға рұқсат берді.
Аталмыш ведомоство ата-аналарды балалардың иммунитетін арттыру үшін вакцинациялауға шақырды. 30 қаңтардан бастап егуді БМСК корпорациясының барлық медициналық орталықтарында жасауға болады.
Бұл ретте 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға ата-аналарының өтініші бойынша екпе салу жоспарлануда. Иммундау екі дозада жүргізіледі – алғашқысынан соң екіншісі үш аптадан кейін.