23:40, 28 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Катар Әмірі Қазақстан Президентіне ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Катар Мемлекетінің Әмірі Хамад Аль-Тани Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Bek Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшыруына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.
Өз кезегінде Катар Премьер-Министрі Абдалла бен Насер Аль-Тани Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминге көңіл айтты.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып бара жатқан Bek Air компаниясының 2100 рейсі кенет апатқа ұшырап, бетон қоршауды бұзып өтті. Артынан ұшақ екіқабатты ғимаратпен соқтығысып, 12 адам қаза болды.
Оқиғаның хронологиясымен мына жерден танысуға болады.