Қатар Әмірінің Қазақстанға мемлекеттік сапары қалай өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тани Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатар Әмірінің Қазақстанға мемлекеттік сапары қалай өтеді

«Сапар барысында Қатар Әмірінің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған. Келіссөздерде өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды», - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Сапар аясында екі елдің ірі компанияларының қатысуымен инвестициялық форум өтеді.

Бұған қоса, Қатар Әмірі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке қатысады.

Айта кетейік, бұл аптада Қатар, Түркия және Түрікменстан басшылары Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.



Фото: News.myseldon.com