Қатар инвесторлары Қазақстанда астық өңдеу зауытын салуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында 290 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Астана халықаралық форумы аясында БАҚ өкілдері Ауыл шаруашылығы министріне Қатар инвесторларларының Қазақстанда астық өңдеу зауытын салу ниетіне қатысты сұрақ қойды.

«Иә, қазір біз келссөз жүргізіп жатырмыз. Бізде мұндай инвесторлар көп», - деп жауап берді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар, министр өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 200 млрд доллардан астам сомаға бағаланған 270 жоба басталғанын айтты.

«Биыл 290 жоба жоспарда бар. Олар шикізат өндіру және азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жобалар. Жұмыс жалғасуда», - деді Ербол Қарашөкеев.

Еске сала кетейік, бүгін елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева қатысуда.


Соңғы жаңалықтар