Қатар Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Qatar Airways» әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8.5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
Оның ішінде жеке қорғану құралдары бар - жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық құралдар.
Көмек Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.








