Катарда 1971 жылдан бері алғаш рет газ кеніші табылды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Катарда 1971 жылдан бері алғаш рет газ кеніші таблды,. Бұл туралы Дохадағы баспасөз мәслихатында елдің энергетика министрі Мохаммед әл-Сад мәлім етті, деп хабарлады РБК.
None
None

Кеніш 4-ші солтүстік теңіз блогында, ірі North Field кенішінің маңында болып шықты. Оны немістің Wintershall және жапонның Mitsui компанияларын біріктіретін консорциум анықтады.

Катардың газ қоры 26 трлн. текше метр деп бағалануда, жаңа олжа елдің барланған қорының 0,28 пайызын құрайды. Соған қарамастан оның табылуы барлау жұмыстарын жандандыруға түрткі болады, деді М. әл-Сад.

2011 жылғы мәліметтер бойынша Қатардың барланған табиғи газ көлемі әлемдік қордың 12 пайызға жуығын құраған болатын.

Соңғы жаңалықтар