Катарда Әлем чемпионаты өтпей қалуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катарда 2022 жылы футболдан әлем чемпионаты өтпей қалуы мүмкін. Алты араб мемлекеті Халықаралық футбол федерациясына Катарда өтуі тиіс халықаралық жарысты басқа жерге ауыстыру туралы өтініш жасады, деп жазады The Local ФИФА басшысы Джанни Инфантинға сілтеме жасай отырып.
None
None

Халықаралық спорт ұйымына Сауд Арабия, Йемен, Мавритания, БАӘ, Бахрейн және Египет елдері бірлесіп өтініш білдірген. Өтініште  форс-мажорлық және басқа да «есептелмеген» жағдайларға байланысты жарысты Катарда өткізбеу жайы айтылған. Бастама авторлары Катарды «терроризмді қолдаушы» деп атап, ол жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды деп көрсеткен.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні араб елдері  Катармен дипломатиялық байланыстарды үзетіндігін жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар