Катарда күн ыстықта мигранттардың жұмыс жасауына тыйым салынбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катардың Еңбек министрлігі 2022 жылы елде өтетін футболдан Әлем чемпионаты алдында мигрант-жұмысшылардың жағдайын жақсартуды қолға алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Катар билігі жұмыс берушілердің шетелден келетін жұмыс күшіне дұрыс қарауын үнемі қадағалап отырады. Енді ұсынылған шараға сәйкес, тәуліктің ең ыстық уақытында мигранттарға далада жұмыс істеуге тыйым салынды, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жұмыс берушілер жұмысшыларына жалақысын электронды түрде уақытылы беріп тұруы қажет болады.
Министрліктің хабарлауынша, мұның барлығын жүзеге асыру үшін әлі де біраз жұмыс жасалынуы қажет.