Катарда Мұхаммед пайғамбардың өмірі туралы фильм түсіріледі

АСТАНА.  Қарашаның   3-і.  ҚазАқпарат -  Катарлық Al Noor  медиахолдингі   Мұхамед   пайғамбардың    өмірі  туралы фильм түсіру   жұмыстары  басталғанын    мәлім етті.  

Катарда   Мұхаммед пайғамбардың өмірі  туралы фильм түсіріледі

 Фильмнің    бюджеті  150 миллион   долларды  құрайтын болады және     онымен    атышулы "Сақина әміршісі" және  "Матрица"  фильмдерінің  продюсері жұмыс  істейтін болады,  деп   хабарлайды   Utro.ru   сайты  "Openspace"   басылымына сілтеме  жасап.

 Әзірге жобаның атауы  жоқ,   фильмнің  режиссері мен     басты  рольдерді  орындаушылар да  анықталмаған,  фильмнің  қашан түсіріле бастайтыны да белгісіз.   Тек,   дін қайраткері  және тележүргізуші  шейх  Юсеф  әл-Карадауидің     жобаның  техникалық консультанты    болатыны ғана      мәлім.