Қатардағы жауынгер Н.Қайранбаевтың автоматтан өзіне-өзі оқ атуының мән-жайы анықталуда

деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2012 жылдың 1 тамызында сағат 2 шамасында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «ИУ-62» түзеу мекемесін қорғау бойынша №12 постының сақшысы 6636 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы Н.Қайранбаев өзіне бекітілген автоматты қарудан жүрек тұсына екі рет оқ атқан.
Алынған дене жарақаттарынан Н.Қайранбаев оқиға орнында көз жұмды. Оқиға болған жерді қарау барысында өлер алдындағы хат табылмады.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Астана әскери-тергеу басқармасымен алдын ала тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта сот-медициналық және сот-баллистикалық сараптамалары жүргізілуде. Қайранбаевтың жеке басы зерделеніп, өлгеннен кейінгі сот-психиатриялық сараптама тағайындау жоспарлануда.