08:50, 08 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Катардың ірі қонақ үйлері Қазақстанның көк туы түсіне боялды
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Катар астанасының билігі Қазақстан Республикасына деген құрметін жоғары ілтипатпен жеткізді. Өңірдегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің хабарлауынша, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай екі ел арасындағы достық пен Қазақстанға құрмет белгісі ретінде заманауи Катардың басты символы - Дохадағы "Sheraton Doha" және "Convention Center Sheraton Doha" қонақ үйлері Қазақстан Республикасы туының түсіне боялды.

Қазақстан мен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы 1 шілдеде орнаған. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа Катардың ең жоғарғы марапаты - Тәуелсіздік ордені берілген.