Катарлық әуе жолдары әлемде алғашқы болып, жаңа дәуірдің сұйық отынын қолдана бастады
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Әлемдегі алғашқы коммерциялық әуе компаниясы болып Катар әуежолдары «QatarAirways» авиациялық отынның жаңа түрін қолдануға көшті, деп хабарлады muslim.kz.
Катар мұнай компаниясы «QatarPetroleum» мен Катар әуежолдары «QatarAirways» және «Shell» мұнай компаниясы бірігіп әзірлеген авиациялық отынның жаңа түрі ендігі жерде Доха қаласының халықаралық әуежайында стандарт ретінде қолданылатын болады.