Қатармен бірге жүзеге асыратын газ жобаларының шарттары қашан белгілі болады

АСТАНА. KAZINFORM - Қатарлық инвестормен газ саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәмілесінің соңғы шарттары екі ай ішінде анықталады. 

НК "КазМунайГаз" ввело в эксплуатацию месторождение Восточный Урихтау
Фото: ҚМГ

Энергетика министрлігінде қатарлық Power International Holding UCC Holding компаниясының қатысуымен газ саласындағы жобаларды іске асыру бойынша жиын өтті.

Мемлекет басшысының 13-14 ақпандағы Қатарға мемлекеттік сапары аясында QazaqGaz Power International Holding UCC Holding-пен келесі жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың негізгі шарттары бойынша міндетті келісімдерге қол қойды:

  • Қашаған кен орнында 1 млрд м³ қуаты бар газ өңдеу зауытының құрылысы;
  • Қашаған кен орнында қуаты 2,5 млрд м³ газ өңдеу зауытының құрылысы;
  • Жаңа КС-14 компрессор стансасының және «КС-14-Қостанай» магистральды газ құбырының құрылысы;
  • «Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісінің құрылысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұл келісімдер Қазақстанның газ саласын дамытуға ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Ақтөбе және Қостанай облыстарында «КС-14 — Қостанай» магистральды газ құбырын салу жобасының стратегиялық маңызы бар және Қостанай облысындағы елді мекендерді де, ірі инвестициялық жобаларды да газдандыруға бағытталған.

Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші желісі — Қазақстанның оңтүстік және орталық аймақтарын газбен қамтамасыз ететін маңызды газ артериясы.

Қашағанда газ өңдеу зауыттарын салу еліміздегі тауарлық газдың өңдеу қуаты мен ресурстық базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.