Қате команданың кесірінен Жерден млрд шақырымда ұшып жүрген зондпен байланыс үзілді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Америкалық НАСА ғарыш агенттігі Жерден миллиард шақырым жерде ұшып бара жатқан «Вояджер-2» зондымен байланысты үзіп алды. Зондқа байқаусызда қате команда беріліп, кейінірек мамандар құрылғының бақылау сигналын тапты. Олар байланысты қалыпқа келтіруге тырысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Қателік салдарынан Жерге 2° бағытталған антенна өсінен ауытқып кетіп, зонд команда қабылдай алмай қалды.
НАСА бағдар жүйесі қазанда автоматты түрде қайта жөнделіп, қалпына келуі мүмкін деп хабарлады.
Байланыс 21 шілдеде жоғалған, ал 2 тамызда НАСА-дағы «Вояджер» жобасының жетекшісі журналистерге Алыс ғарыш желісі, яғни, Жер мен оның орбитасындағы үлкен радиоантенналар жүйесі зондтың бақылау сигналын ұстағанын айтты.
«Біз қазір ғарыш аппаратымыз тірі жіне жұмыс істеп тұрғанын білеміз. Осы нәрсе көңіл-күйімізді көтерді», - деді Додд.
Бірақ әзірге «Вояджер» ақпарат беріп, команда қабылдай алмайды.
Доддтың сөзінше, қазір мамандар құрылғы қабылдауы мүмкін, антеннаны қайта бағыттауға арналған команда құрып жатыр. Бірақ мүмкіндік аз.
«Вояджер-2» Жерден 19,9 млрд шақырымнан аса қашықтықта, сағатына 55 346 шақырым жылдамдықпен ұшып бара жатыр.