Қате жазатын хакерлер 770 миллион доллар ұрлық ақшадан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хакерлер Нью-Йорктің Федералдық резервтік банкінің есепшоттарынан орфографиялық қателік жібергеннің кесірінен 850 миллионға жуық долларды ұрлай алмады.

Қате жазатын хакерлер 770 миллион доллар ұрлық ақшадан айырылды

Киберқылмыскерлер төлемді алушының есімін жазуда қате жіберді. Бұл туралы The Guardian хабарлап отыр.

Хакерлер банк жүйесін бұзып, шоттардың бірінен 80 миллионнан астам долларды төрт траншпен аудара алды. 20 миллион долларды құраған бесінші траншты банк қызметкерлері тоқтатқан. Олар «қор» сөзінің жазылуындағы орфографиялық қатеге назар аударды (қылмыскерлер «foundation» сөзін «fandation» деп жазған). Бұл қаражат алтын-валюталық қорларының бір бөлігін АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінде сақтаған Бангладеш Орталық банкінің иелігінде қаржы болған, деп жазады lenta.ru.
Хакерлер Нью-Йорктің Федералдық резервтік банкіне Филиппин және Шри-Ланкадағы түрлі компаниялардың шоттарына қаражат аудару үшін шамамен 30 өтінім берген. Қаскүнемдер 850 миллионға жуық долларды ұрламақ болған.