Қатерлі ісік аурулары мен диабеттен қорғанудың тағы бір тәсілі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық диетологтар қауымдастығының мамандары дәннен жасалған тағамдар көптеген індеттерден қорғайды деп мәлімдеуде. Оның ішінде онкология аурулары мен диабет те бар. Ғалымдар құрамында пайдалы заттар көп болғандықтан дәндер аурудың алдын алуға көмектеседі дейді.
None
None

Ірі дәндерден жасалған тағамдарда, айталық нанда, күріште өсімдік жасушалары, фолат, ниацин, В тобындағы дәрумендер мен магний көп көлемде кездеседі. Ондай тағамдарды үнемі пайдалану арқылы жүрек-қан тамыр ауруларының, қант диабеті мен кей қатерлі ісік ауруларының дамуына тосқауыл қоюға болады.

Соңғы жаңалықтар