Қатерлі ісік дертіне шалдыққандар саны 2030 жылы 22 млн. адамға жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ісік ауруларын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі алдағы екі онжылдықта аталмыш дертке шалдығатын адамдар саны көбейеді деп болжап отыр. Бұл туралы ұйымның ресми мәлімдемесінде айтылған, деп жазады РБК.

Қатерлі ісік дертіне шалдыққандар саны 2030 жылы 22 млн. адамға жетеді

Зерттеушілердің айтуынша, қатерлі ісікке шалдығатындар саны жыл сайын 57 пайызға артып, яғни 22 млн-ға жеткенін көрсеткен. Сол сияқты аталған дерттен қайтыс болғандар саны бір жылда 59 пайызға өсіп, 13 млн. адамды құрап отыр.

Тек, 2012 жылы әлем бойынша қатерлі дертпен ауыратын 22 млн. адам тіркелген. Оның 13 пайызын, нақты айтқанда 1,8 млн. өкпе ісігіне шалдыққандар құраған. Сондай-ақ тап сол жылы қатерлі дерттен 8,2 млн. адам қайтыс болған.

«Онкологиялық ауруларды емдеуді дамытып жатқанымызбен, аталған дерттен түбегейлі құтылудың жолын таба алмай келеміз. Мұндай аурулардың көбейіп жатқаны адамзаттың амандығы мен дамуына қауіп төндіріп отыр. Біз жариялап отырған болжамдар - аталған дертпен күресу керектігі туралы бүкіл адамзатқа бағытталған дабыл болып табылады», - дейді агенттіктің басшысы Кристофер Уайлд.

Аталған болжамды жариялаған ұйымның сарапшылары кедей елдерде темекі өнімдерін пайдалануды азайтып, дамыған мемлекеттерде дене шынықтыру белсенділігін арттыруды ұсынып отыр. Әлеуметтік бағдарламалардан бөлек, ғалымдар ісікті бастапқы кезде анықтау мақсатында рентгеноскопияны дамытуға кеңес береді.

Айта кетерлігі, Ісік ауруларын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі 1965 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жанынан құрылған. Агенттік медициналық зерттеуді үйлестіру және ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады. Ұйымның штаб-пәтері Лионда орналасқан.