Қатерлі ісікке шалдыққан әйел сот арқылы $417 млн өндіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелес соты Johnson & Johnson (J&J) компаниясын онкологиялық ісік ауруына шалдыққан әйелге $417 млн өтемақы төлеуге міндеттеген. 

Қатерлі ісікке шалдыққан әйел сот арқылы $417 млн өндіріп алды

Әйелдің айтуынша, ол аталмыш компанияның өнімін пайдаланғаннан кейін қатерлі ісікке шалдыққан.

Associated Press хабарлағандай, сотқа шағымды Калифорния тұрғыны Ева Эчеверриа түсірген. Ол 2007 жылы аналық жыныс безі ісігіне шалдыққан. Оның пікірінше, бұл ауруға - 1950 жылдан 2016 жылға дейін күн сайын балаларға арналған талькі бар ұнтақты пайдалану салдарынан шалдыққан.

Сондай-ақ,  Эчеверриа J&J компаниясының тұтынушыларға талькті қолдану қаупі туралы еггжей-тегжейлі ескертпегенін мәлімдеді.

Соттың шешімімен моральдық залал ретінде $68 млн өтемақы мен $340 айыппұл төлеуге міндеттелді. J&J өкілі Кэрол Гудрич компанияның шешімге шағымданатынын атап өтті.