Қатерлі ісікпен күресушілер Нобель сыйлығын алды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Корольдік швециялық ғылым академиясының Нобель сыйлығын ұйымдастыру комитеті тірі жасушалар рецепторларын (G-протеиндік жұп рецепорларды) зерттегені үшін химия бойынша сыйлықты ғалымдар Роберт Лефковиц пен Брайан Кобилкаға берді.
None
None

Бұл туралы сыйлықтың ресми сайтына сілтеме жасаған Утро.ру хабарлайды.

Лефковиц пен Кубилка G-ақуыздарымен түйіндескен жасушалық рецепторлардың бір-бініе түрлі белгілерді қалай беретінін анықтай алды. Аталмыш зерттеудің маңыздылығы олардың қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеліп соқтыратын процестерді түсінуге мүмкіндік беруінде. Ғалымдар бұл оларға өлімге әкеліп соқтыратын ауруды жеңуге көмектесетін жаңа дәрі-дәрмектерді құруға мүмкіндік беретініне сенімді.

Өткен жылы химия бойынша Нобель сыйлығына квазикристалдарды ашқан израильдік Даниэль Шехтман алды.

9 қыркүйек күні Нобель комитеті физика бойынша сыйлықтың лауреаттарын жариялады. Квант жүйелерін айла-шарғы жасаудағы алдағы қатарлы технологияларды құрғаны үшін оны американдық Дэвид Уайнленд және марокколық Серж Арош иеленді.

Бұған дейін, дүйсенбі күні медицина немесе физиология саласындағы 2012 жылғы Нобель сыйлығы жапондық Синъе Яманака мен британдық Джон Гердонға тін жасушалары және жануарларды клондау бойынша жұмыстары үшін берілді.

Әдебиет саласындағы жеңімпаздарды 11 қазан күні сағат 15:00-де анықтайды. Әлемнің Нобель сыйлығының лауреатын  жұма, 12 қазан күні сағат 15:00-де жариялайды. Экономика саласындағы жеңімпаздардың есімдерін алдағы дүйсенбі, 15 қазан күні сағат 13:00-де хабарлайды.

Сыйлықтарды тапсырудың салтанатты рәсімі 10 қазан - Альфред Нобельдің қайтыс болған күні Стокгольм және Осло қаласында өтеді. Кестені сыйлықты ұйымдастыру комитетінің ресми сайтынан қарауға болады.

Соңғы жаңалықтар