Қатерлі ісікті ғарышта емдеу керек - Еуропа ғалымдары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс және даниялық медицина ғалымдары қатерлі ісіктің кейбір түрлері ғарыш кеңістігінде жақсы емделетінін мәлімдеді.
Ғалымдар онкологиялық дерттің кейбір түрлерін ғарыштық микрогравитация кезінде емдеген жөн дейді. Еуропалық мамандарға зерттеу жүргізуге қытайлық ғарыш ведомствосы жәрдемдескен. Олар «Шеньчжоу-8» ғарыш кемесінің бортында зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. «Ғылыми тәжірибеден кейін қатерлі ісіктің кейбір түрлері микрогравитация жағдайында айтарлықтай жақсы емделетіні белгілі болды. Болашақта індеттің осы ауыр түрлеріне ғарышта ем-дом жасауы әбден мүмкін», - деп жазады ЕуроБАҚ.