Катонқарағай ауданына әуежай қашан салынады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай және Зайсан аудандарына әуежай салынбақ. 

Катонқарағай ауданына әуежай қашан салынады
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежай салынатын жер таңдалды. Әуежайлардың ұшу-қону жолағының ұзындығы кемінде 2 000 метр болады.

«Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша 2025 жылдың соңына қарай аяқталады. Қазір жергілікті атқарушы органдар тиісті жер алқабын бөлу жағын қарастырып жатыр. Катонқарағай ауданы бойынша жер учаскесі Солдатово ауылының маңынан таңдалды. Зайсан ауданы бойынша бұрынғы әскери аэродром орны қолайлы саналды», - дейді басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Акрамов.

Әуежайлар құрылысына қанша қаражат жұмсалатыны әлі белгісіз.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Катонқарағай мен Кендірліге әуе қатынасын реттеуді тапсырған.

Соңғы жаңалықтар