Қатонқарағай ауданында егін бітік, бірақ ауа райының қолайсыздығы жинауға кедергі келтіруде

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сәрсенбі күні Қатонқарағай ауданында болып,
None
None

астық жинаудың барысымен танысты. Ол «Калинин» ЖШС, «Таулы» және «Жас Қанат» шаруа қожалықтарында болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Қатонқарағайлық диқандардың пікірінше, биылғы жылы егін бітік шыққан, бірақ ауа райының қолайсыздығы басты проблемаға айналып отыр. Қырдағы астық піскенімен таулы жерлерде әлі жетіле қойған жоқ.

Қатонқарағай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында аймақ әкімі Орыл ауылындағы мектеп құрылысымен танысты. 320 орындық мектеп республикалық бюджет (824 млн. теңге) есебінен салынуда және келесі оқу жылының басында пайдалануға беріледі.

«Пайдаланылып жатқан барлық құрылыс материалдары мәлімделген жобалау-сметалық құжаттамаларға дәл сәйкес келуі тиіс», - деп талап қойды әкім мердігерлерге.

Соңғы жаңалықтар