Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа екі бүркіт түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы фототұзаққа бір мезетте екі бүркіт түсті, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүркіт – Алтай табиғатының айбынды жыртқыш құстарының бірі. Фототұзақтар жануарлар мен құстарды табиғи ортасында мазаламай бақылауға және олардың тіршілігі туралы құнды деректер жинауға мүмкіндік береді.
-Ал мына жер сіздерге таныс па? Дәл осы аумақ бұған дейін фототұзаққа түскен қар барысының кадрларынан көпшілікке таныс болған. Бір мекеннің жабайы табиғаттың түрлі өкілдеріне ортақ болуы – ерекше көрініс,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Үстірт қорығындағы жануарлардың табиғат аясындағы тіршілігі фототұзаққа түсірілгені туралы жаздық.