Катонқарағай мен Бұқтырмада су электр станциялары салынады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстанда алдағы бірнеше жылда қуаттылығы 74,3 МВт болатын бес жаңа су электр станциясын салу жоспарланған. Неліктен облыста гидроэнергетикаға баса ден қойылды және осы тұрғыда қандай мәселелер шешімін табуы тиіс? Бұл сұрақтардың жауабын Kazinform тілшісі анықтап көрді. 

Катонқарағай мен Бұқтырмада су электр станциялары салынады
Фото: Kazinform

Шығыс Қазақстанның климаттық жағдайы күн және жел энергетикасына бет бұруға келмейді. Сондықтан облыста бұл энергия көздерін дамытудың нәтижесі тиімсіз болмақ.

— Дүниежүзілік жел энергиясы әлеуетінің Атласына қарасаңыз, желді немесе күнді пайдаланудың ең минималды жағдайлары еліміздің санаулы аймақтарында ғана бар екенін көруге болады. Инвесторлар үшін осы энергия көздеріне әлеуеті жоғары өңірлерге ақша құю тиімдірек, - дейді ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Катонқарағай мен Бұқтырмада су электр станциялары салынады
Фото: Kazinform

Осы ретте, гидроэнергетика Шығыс Қазақстан облысы үшін ең ұтымды таңдау болып қала бермек. 

— Су электр станциялары — өндіріс көлемін икемді өзгертуге мүмкіндік беретін реттелетін энергия көзі. Бұл әсіресе тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін маңызды, - дейді Н.Рамазанов.

Катонқарағай мен Бұқтырмада су электр станциялары салынады
Фото: Kazinform
Катонқарағай мен Бұқтырмада су электр станциялары салынады
Фото: Kazinform

Энергетикалық база және болашаққа жоспар

Бүгінде өңірде 7 су электр станциясы жұмыс істейді. Осылайша, Шығыс Қазақстан гидроэнергетика бойынша елде көшбасшы болып тұр. 2024 жылы облыста энергия өндірудің жалпы көлемі 7,6 млрд кВт/сағ астам құрады, оның ішіндегі 243,5 млн кВт/сағ — жаңартылатын энергия көздері.

Келешекте бес жаңа шағын су электр станциясының құрылысы жоспарланған:

— Катонқарағай ауданындағы СЭС (қуаты 1,4 МВт, іске қосу уақыты — 2027 жыл)

— Алтай ауданындағы Бұқтырма өзеніндегі СЭС (50 МВт, 2029 жыл);

— Зайсан ауданындағы екі СЭС (4,5 МВт және 2,4 МВт, 2030 жыл)

— Марқакөл ауданындағы су электр станциясы (16 МВт, 2030 жыл)

Аймақтың гидроәлеуеті жалпы қуаты 2 ГВт болатын 95 шағын СЭС салуға жеткілікті. Қазіргі уақытта бұл салаға қаражат тарту бойынша әлеуетті инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Катонқарағай мен Бұқтырмада су электр станциялары салынады
Фото: Kazinform

Мәселелер мен оны шешу жолдары

СЭС-тердің тиімділігі жоғары болғанымен, құрылыс жұмыстарына қатысты бірқатар мәселе бар. Соның бірі — станциялар салынады деп жоспарланған жерлердің орман қорында орналасуы.

— Осыған байланысты инвесторларда қиындықтар туындауда. Өйткені орман қорындағы жерлерді алу оңай жұмыс емес. Біз осы мәселелерді шешуді жеделдету үшін уәкілетті органдармен белсенді жұмыс істеудеміз, - дейді Нұрлан Рамазанов.

Сонымен қатар энергетиканы дамыту мен өзен экожүйесін сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету аса маңызды. Сарапшылардың айтуынша, жаңа СЭС-тер салу кезінде қоршаған ортаға қандай да бір зиян тигізуден барынша сақтану керек.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданында салынатыны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар