Катонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөлдің мәртебесін қалпына келтіру ісі қолға алынады – министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Көпшілік талқыға шығарған Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында шекара маңындағы аудандардың әкімшілік-аумақтық маңыздылығын арттыруға басымдық берілетіні жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Тұжырымдамаға сай, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Шекара маңындағы аудандардың әкімшілік-аумақтық маңыздылығын арттыруға ерекше назар аударылады. Бұл негізінен Қытаймен шектесетін бұрынғы ауылдық аумақтар - Катонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Мақаншының мәртебесін қалпына келтіру мәселелеріне қатысты болады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Сонымен бірге тұжырымдама жобасында Қытаймен шекаралас аудандардағы халықтың тығыздығы ел бойынша орташа деңгейден төмен екендігі жазылған.

Бұған қоса, еліміздің 7 шекаралас өңіріндегі ауылдардың халық саны азайып бара жатыр.


Соңғы жаңалықтар