Қатты желден кейін Павлодардың үш бірдей ықшам ауданы жарықсыз қалды

Бүгін таңертеңгілік уақытта Павлодарда қатты жел Ломов көшесіндегі қуат кабеліне зақым келтірген. Салдарынан бірнеше ықшам аудан электр жарығынан уақытша ажыратылды, деп хабарлайды Kazinform.

жарық өшті
Фото: Pixabay

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты электр энергиясы Усолка, Зеленстрой, Дачный ықшам аудандарында өшірілді. Аталмыш мәселені шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жарықпен толық қамтамасыз ету шамамен 1-2 сағатта қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Павлодар қалалық әкімдігінен.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатты жел Ломов көшесіндегі қуат кабелін зақымдаған. Авариялық қызметтер қала көшелеріндегі электр жүйелерінде қайта қосу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта үйлерге жарық қосыла бастады. 

Синоптиктер бүгін Павлодар облысы аумағындағы желдің жылдымдағы секундына 30 метрге дейін жететінін ескерткен. Аумақта көз аштырмайтын боран соғып тұр. 

Соңғы жаңалықтар