Қатты аяз әлі де сақталады - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Елімізде қатты аязды күндер әлі де өз күшін сақтап отыр, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ.

Қатты аяз әлі де сақталады - ҚР ТЖМ

«5 қаңтар күні түнде Алматы облысында 30-35 градус қатты аяз сақталады, облыстың солтүстік шығысында оның күші 38 градусқа дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында аяз 35-40, кейбір жерлерде 45 градусқа дейін жетуі ықтимал», - делінген ТЖМ таратқан мәліметте.