07:40, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Қатты аяздың салдарынан бүгін мектептерде бірінші ауысымда сабақ болмайды - Астана
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Қатты аяздың салдарынан бүгін бірінші ауысымда оқитын 1-ші мен 11-ші сыныптардың арасындағы оқушылар мен колледж-лицейлердің 1-2-ші курс студенттеріне тағы да сабақ болмайды.
Төтенше жағдайлар департаменті мен білім департаментінен хабарлағандай, «бірінші ауысымда оқитын 1-11 сыныптардың және колледждердің 1-2-ші курстарының оқушылары үшін сабақтар болмайды».
Дәл қазір Астанада термометр бағамы минус 29 градусты көрсетіп тұр