Қатты боранға байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді - «Қазақавтожол» РМК

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қатты боранға байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
None
None

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 12:00 бастап Ақмола облысы аумағындағы қатты боранның салдарынан «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1280-1353-ші шақырымында барлық автокөліктер үшін жолға шығуға тыйым салынды. Аталған жол аралығы түсте ашылды.

Сонымен қатар бүгін сағат 12:30-да Қарағанды облысы өңіріндегі қатты боранға байланысты «Алматы-Екатеринбор» жолының 1425-1353-ші шақырымындағы көлік қозғалысы шектелді. Бұл республикалық маңызы бар жолдағы қозғалыс сағат 14:30-дан бастап қалыпты тәртіпке көшірілді. Ал сағат 16:30-бері «Жазқазған-Есіл-Петропавл» жолының 137-252-ші шақырымындағы «Ұлытау-Арқалық» учаскесінде де барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.

Мұнымен қоса, Қостанай облысы аумағындағы қатты борынның салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-252-ші шақырымында да көлік қозғалысы сағат 15:00-ден бастап шектелді.

Соңғы жаңалықтар