Қатты боранға байланысты республикалық автожолда көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан өңіріндегі республикалық автожолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, бүгін Астана уақытымен сағат 11:00-де Атырау облысындағы қатты боранға байланысты «Доссар-Құлсары-Ақтау» автожолының 0-128 шақырымындағы Доссар-Құлсары аралығында көліктің барлық түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды.
Ал еліміздің өзге өңірлеріндегі республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асырылуда.