Қатты нөсер салдарынан пойыз рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда нөсерлі жаңбыр жалғасуда. Оның салдарынан су тасқыны, жар көшкіні секілді апаттар туындауда.
Цинъюань қаласында (Оңтүстік Қытай, Гуандун провинциясы) бейсенбіде жер қабатының көшуі салдарынан Наньчан-Гуанчжоу бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Апат нәтижесінде бес жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Қазіргі уақытта осы магистральдағы қозғалыс қалпына келтірілді.
Ал Цинхай провинциясында (Солтүстік-Шығыс Қытай) су тасқынынан екі жұмысшы ажал құшып, тағы үшеуі із-түссіз жоғалғандар санатына жатқызылды. Белгілі болғандай, Хайдун қаласындағы топан су алты құрылысшыны ағызып алып кеткен. Олардың тек біреуін құтқарып қалуға мүмкін болды.