Қатты тартылған белбеу қатерлі ісік ауруына әкеп соғуы мүмкін

Шотландиялық сарапшылар қатты тартылған белбеу асқазан қышқылының өңеш арқылы көтерілуіне себеп болып, одан денсаулыққа зиян келуі мүмкін деп отыр. Нақтырақ айтқанда, өңештің қатерлі ісікке шалдығу қаупі зор. Глазго мен Стратклайд университеттерінің зерттеушілері қатерлі ісіктің бұл түрімен артық салмағы бар адамдар ауыратынын анықтады.
The Daily Record зерттеушілердің 24 ерік білдірген адаммен жұмыс істегенін хабарлады. Олардың әрқайсысына тамақ ішкеннен кейін және оған дейінгі мәліметтерді жинайтын құрылғыны жұтқызып, зерттеу жүргізілген. Өлшеу екі жағдайда жүргізілген: біріншісінде олар белбеу тағылған шалбар кисе, екіншісінде шалбарға белбеу тақпаған. Зерттеушілер қатысушылардың белбеуді қатты тартып байлауынан олардың көбіне қыжылдан зардап шегетінін анықтаған. Әсіресе бұл артық салмақ иелерінде кездеседі екен.