Қатты жел Қызылорда облысында шипажайдың шатырын ұшырып әкетті

АСТАНА.  Қарашаның  17-сі.  ҚазАқпарат -   Дүйсенбі күні таңертең   болған  қатты    жел   Қызылорда  облысы  Жаңақорған  ауданындағы    Шалқия ауылындағы     туберкулезге қарсы шипажай  ғимаратының  шатырын    ұшырып әкетті, 

Қатты жел    Қызылорда  облысында шипажайдың   шатырын ұшырып  әкетті

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Жылдамдығы  20 метр/секундқа жеткен   желдің екпіні  шатырдың   330   шаршы метрдей ауданына   зақым келтірді.  Құрбан болғандар  мен   зардап шеккендер жоқ.   Келтірілген   материалдық шығын  анықталуда.