Қатты желден Ақтаудың орталық алаңындағы бас шырша құлады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қатты желдің салдарынан Ақтау қаласының бас алаңындағы шырша құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қатты желден Ақтаудың орталық алаңындағы бас шырша құлады

Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бейсенбі күні түнде Ақтау қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетті.

Соның салдарынан қала орталығында орнатылған жаңажылдық шырша құлап қалды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері шыршаны жинау жұмыстарын бастайды.