«Қауіпсіз қала» іс-шарасы аясында 37 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елімізде қазанның 4-і мен 8-і аралығында өткізілген «Қауіпсіз қала» алдын алу іс-шарасы барысында 37 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті.

«Қауіпсіз қала» іс-шарасы аясында 37 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Оның мәліметі бойынша профилактикалық есепке 5,5 мың адам алынып, 37 мыңнан астамы әкімшілік жаупкершілікке тартылды. Олардың ішінде тұрмыстық жағдайда құқық бұзған, кәмелетке толмаған балаларды тәбиелеу мiндеттерiн орындамаған, кәмелетке толмағанды мас күйiне дейiн жеткiзген, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген тәртіп бұзушылар бар. «Сондай-ақ іздеуде жүрген 80-нен астам қылмыскер және хабар-ошарсыз жоғалған57 азамат анықталды.Оқу орындарында бопсалаумен айналысқан 16 адам құрықталды», - деп атап көрсетті И.Лепеха.