Қауіпсіз жол: Алматыда 233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолды тыйым салынған жерден кесіп өткені үшін 233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қауіпсіз жол: Алматыда 233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Қауіпсіз жол шеңберінде полицейлер қаладағы апат деңгейіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға және жолын кесуге бағытталған алдын алу шарасын өткізеді.

«17 мамыр мен 16 маусым аралығында жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті жақсарту және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ішкі істер органдарының барлық жұмыс бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп кең шараларды қабылдайды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысын қадағалауды күшейтті. Ең басты міндет жол ережелерін бұзудың алдын алу, әсіресе жылдамдықты асыру және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу. Сондай-ақ, жүк көліктері мен мотоциклдерге ерекше назар аударылады», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, қалада үш күн ішінде 1252 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды.

«Атап айтар болсақ, заңсыз қайта жабдықтау – 21; жүргізушінің телефонды қолдануы – 201; қауіпсіздік белдіктерінің пайдалану ережелерін бұзу – 277; тыйым салынған бағдаршамның дабылына өту – 24; қозғалыста жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу – 69; апаттық жағдайдың туындауына әкеліп соқтырған жол қозғалысы пайдаланушыларының жол қозғалысы ережелерін бұзуы – 83; мас күйінде көлік құралын басқару – 16. Сонымен қатар, 233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. 173 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды»,-дейді полиция өкілі.