«Қауіпсіз жол» апталығы барысында жол ережесінің 60 мыңнан астам бұзылғандығы анықталды

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - «Қауіпсіз жол» апталығы барысында жол ережесінің 60 мыңнан астам рет бұзылғандығы анықталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінен.

«Қауіпсіз жол» апталығы барысында жол ережесінің 60 мыңнан астам бұзылғандығы анықталды

«Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылы сәуірдің 12-18-і аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты - жол апаттарының деңгейін төмендету. Іс-шараларды өткізуге 2 мыңнан астам ұйымдар қатысты, оның ішінде 1 мыңнан астамы мемлекеттік емес мекемелер», делінген баспасөз хабарламасында.

Жол полициясы бөлімшелерінің жеке құрамы қалалық және ауылдық жерлерде жасақтардың санын арттыру арқылы күшейтілген нысанда жұмыс атқарды. Шара барысында жол ережесінің 60 мыңнан астам бұзылғандығы анықталды. Оның ішінде 2 мыңға жуық бұзушылық көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін, 4,5 мыңы - құжатсыз басқарғаны үшін, 12,8 мың факті - жылдамдықты асырғаны үшін, 811-і - қарсы жолаққа шыққаны үшін, 206-і - тоқтау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. 1845 бұзушылық жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен және 763 бұзушылық мемлекеттік көліктің жүргізушілерімен жасалғаны анықталды.

Іс-шара барысында автожолдардың 28 мың шақырымын қамту арқылы мыңнан астам көше-жол желісі тексерілді және 499 теміржол өтпелері зерттелді. Жолдарды күтіп-ұстаудағы кемшіліктерді жою жөнінде 903 ұйғарым беріліп, көше-жол желісі мен теміржол өтпелерін нашар ұстағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке 250-ге жуық адам тартылды.

Алдын алу мақсатында 115 мың дана тиражбен 790 көрнекі үгіт құралдары басып шығарылып, мыңнан астам плакаттар мен паннолар орнатылды. Мектептерде 4,5 мың, еңбек ұжымдарында 3 мың әңгімелесулер мен лекциялар, жол қозғалысының қауіпсіздігі жөнінде білім қызметкерлері үшін 265 семинарлар, балалар арасында жол қозғалысы ережелерінің білімі жөнінде 953 конкурстар мен сұрақ-жауап ойындары өткізілді.