«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасының алғашқы күні жол қозғалысы ережесін бұзудың 1182 фактісі анықталды - Астана қалалық ІІД

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Кеше елордада басталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының алғашқы күні жол қозғалысы ережесін бұзудың 1182 фактісі анықталды.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасының алғашқы күні жол қозғалысы ережесін бұзудың 1182 фактісі анықталды - Астана қалалық ІІД

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД-інде өткен баспасөз мәслихатында Жол полициясы басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Шоланов мәлім етті.

Шараның басты мақсаты - көліктегі жол апатының алдын алу, болдырмау, сондай-ақ Астана жолдарында санитарлық жағдайды төмендету екендігін атап өткен оның айтуынша, сәуірдің 18-іне дейін созылатын жедел алдын алу шарасы аясында қаланың жолдарында тұратын жол полициясы инспекторларының қатары көбейеді. Бақылау-желілік қызметтермен бірлесіп қоғамдық көлік, такси жүргізушілерін тексеру күшейтіледі.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасының бірінші күні жол қозғалысы ережесін бұзудың 1182 фактісі анықталып, оның 11-і мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жолды белгіленбеген жерден қиып өткен 76 жаяу жүргінші де жазаланды. Ал жүргізушілердің 164-і жылдамдықты шамадан тыс асырғандығы, 50-і көлік басқарып келе жатып ұялы телефон қолданғаны, 62-сі қауіпсіздік белдігін тақпағаны және 20-сы жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін жауапкершілікке тартылды», - дейді Б.Шоланов.