«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасының бір күні ішінде 588 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды

АЛМАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
None
None

Бұл акция кеше, 18 қарашада басталды. Іс-шара жол қозғалысы ережелерінің барлық бұзушылықтарын анықтау мен алдын алуға бағытталған.

«Бір күннің ішінде Алматы қаласының жол инспекторлары екі жарым мыңнан аса көлікті тексеріп, соның нәтижесінде 588 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды. Олардың көбі жылдамдықты арттырып жол ережесін бұзғандар. Сондай-ақ, бір түнде қозғалыстың қарсы жолағына шығу тәртібін бұзушылықтың 37 фактісі тіркелді. 20-ға жуық жүргізуші көлікті мас күйде басқаруға байланысты жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілері де тексерілді. Ірі жол ережелерін бұзғандығы үшін 15 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Ал, бір күнде жаяу жүргіншілермен жасалған ЖҚЕ-ні бұзушылықтың 26 фактісі тіркелді»,-деді Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұхтар Аманбеков.

Іс-шара 20 қарашаға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар