«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге 1621 ұйым қатысты, оның ішінде 1027-і мемлекеттік емес мекемелер. Олардың ішінде төтенше жағдайлар жөніндегі, білім, денсаулық сақтау, жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдарының аумақтық органдары, көлік және жол ұйымдары, сақтандыру компаниялары, қоғамдық және басқа да ұйымдар бар.
Жолдарда жүру мәдениетін тәрбиелеуде халыққа білім және ақпарат беру мақсатында 99313 дана таралыммен 574 көрнекі үгіт-насихат материалдары басылып, олар жол қозғалысына қатысушылардың арасында таратылды. Көшелер мен жолдардың бойына жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен апаттылықтың жағдайы туралы ақпараттары бар 1040 плакат, панно және билборд орнатылды.
Жолдарда жол полициясы жасақтарының саны көбейтілді, жеке құрамның жұмысы жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) болуына соқтыратын Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) ең қауіпті бұзушылықтарды айқындау мен жолын кесуге бағытталды.
Іс-шаралар өткізу кезінде ЖҚЕ-ны бұзушылықтың 52 мыңнан астам фактісі айқындалды, соның ішінде 1669 бұзушылық көлікті алкогольдік мас күйде жүргізгені үшін, 11743 факті жылдамдықты асырғаны үшін, қарсы жолдың бағытына шыққаны үшін 838 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлік құралдарын тиісті құжаттарсыз басқарудың 3348 фактісі айқындалды. ЖҚЕ мен көлікті пайдаланудың жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен жасалған 2184 бұзушылық, мемлекеттік көліктің жүргізушілерімен жасалған 1146 бұзушылық айқындалды. Сондай-ақ іс-шараны өткізу кезінде ЖҚЕ бұзғандығы үшін 1600-ден астам жаяу жүргіншілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол полицейлерінің қатысуымен 325 қылмыс ашылып, ал тікелей жол полициясы қызметкерлері 24 қылмысты ашты.