«Қауіпсіздік әліппесі» балалар ойынының үздік сценарийіне конкурс жарияланды

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті «Қауіпсіздік әліппесі» балалар ойынының үздік сценарийіне конкурс жариялайды. Жыл сайын республикада жол-көлік оқиғаларында 180-нен аса бала қаза табады және тағы 2 мыңға жуығы - түрлі дәрежелі жарақаттар алады. Жол полициясы осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін бірқатар шараларды қолға алуда, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің Жол қозғалысы ережелерін білуі және сақтауға насихаттау жолы, деп хабарлайды ЖПК баспасөз қызметі.
None
None

Жалпыға мәлім, тек лекция және шақырулармен бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан Жол полициясы комитетінің ресми сайтында балаларға арналған және олардың қатысуымен жол көлік апатының алдын алу және жол қауіпсіздігі ережелерін үйренуге бағытталған «Қауіпсіздік әліппесі» (онлайн режимінде) ойынын жасауға шешім қабылданған.

Осыған байланысты ІІМ Жол полициясы комитеті өзінің ресми сайтының (www.zholpolice.kz) тұтынушылары арасында жол қауіпсіздігі бойынша балалар ойынының ең жақсы сценарийіне конкурс жариялайды.

Жұмыстарға негізгі талаптар:

1. Балалар ойыны flesh-технологияларда және онлайн режимінде жүзеге асырылатынын ескеру;

2. Ойын 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға қызықты және түсінікті болуы тиіс, қиындықтың 3-5-ші деңгейі болуы керек;

3. Ойында балалардың білімі ЖҚЕ-нің мына негізгі бөлімдері бойынша тексерілуі қажет:

- жаяу жүргіншілер ережесі;

- жолаушылар ережесі;

- велосипедшілердің ережесі;

- мектеп бағдарламасы көлеміндегі жол белгілері (оны сайттың «Балалар жарақаты - Мұғалімдер үшін» бөлімінен қарауға болады).

Конкурстың қорытындылары 2010 жылдың тамызында шығарылады.

Ең жақсы сценарий (сценарийлер) «Қауіпсіздік әліппесі» балалар ойынын жасағанда пайдаланылады, жеңімпаздардың есімдері - Жол полициясы комитетінің ресми сайтында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар