07:52, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қауіпсіздік кеңесі Газадағы соғысты айыптаған қарардың мәтінін келісті
НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Жетекші араб елдері мен батыс елдерінің, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдерінің өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газа секторындағы жағдай бойынша қарарының мәтіні бойынша келісімге келді.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қарар Израиль мен палестиналық радикалды «Хамас» қозғалысының арасындағы әскери іс-қимылдарды дереу және ешқандай қосымша шарттарсыз тоқтатуға шақырады. Құжатта сондай-ақ келісімнің негізгі тармағы ретінде - Израиль әскерінің сектордан шығарылуы, шабуылдың тоқтатылуы және палестиналықтарға көмек көрсету үшін шекараның ашылуы керектігі көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Соңғы мәліметтер бойынша, Израиль армиясының желтоқсанның 27-сінде бастаған Газа секторына шабуылы барысында 700-ден астам палестиналық қаза болып, 3,5 мыңнан астам адам жарақат алған, зардап шеккендердің басым көпшілігі ? бейбіт тұрғындар.